Мектеп формасы
ҮЛГЕРІМ – ТƏРТІП – МЕКТЕП ФОРМАСЫ
ТƏРТІП ПЕН БІРКЕЛКІ МЕКТЕП ФОРМАСЫ ОҚУ ОРТАСЫНЫҢ ЖАҚСАРУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕДІ ЖƏНЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҮЛГЕРІМІН АРТТЫРАДЫ
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
ТƏРТІП ПЕН БІРКЕЛКІ МЕКТЕП ФОРМАСЫ ОҚУ ОРТАСЫНЫҢ ЖАҚСАРУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕДІ ЖƏНЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҮЛГЕРІМІН АРТТЫРАДЫ
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
- ішкі тəртіп ережелерін, білім беру ұйымының Жарғысын сақтау; - тəртіпті болу, мектепте жəне одан тыс жерлерде қоғамдық тəртіпті
- басқа білім алушылардың, мектеп қызметкерлерінің құқықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу, олардың мүдделеріне нұқсан келтірмеу, кішілерге көмектесу;
сақтау, мектеп формасына қойылатын талаптарды орындау;
- физикалық қысым, қорқыту мен қорлаудан, басқаларға қатысты кемсітушілік əрекеттерден аулақ болу.
- сабаққа кешікпеу;
- кезекші əкімшінің, сынып жетекшісінің немесе мейірбикенің рұқсатынсыз сабақтан шықпау;
- үзіліс кезінде мектеп аумағынан шықпау.
- оқуға жəне басқа да сабақтарға саналы түрде қарау, оқу орнында тəртіп сақтау;
- дəлелді себептерсіз сабақтан қалмау.
- мектептің мүлкіне, басқа адамдардың еңбегіне, жасыл желектерге ұқыпты қарау.
- ҚР «Білім туралы» Заңының 49- бабы 2-тармағына сəйкес АТА-АНАЛАР мен өзге де заңды өкілдер:
- білім беру ұйымының жарғысында айқындалған ережелерді;
- білім беру саласындағы уəкілетті орган белгілеген міндетті мектеп нысанына қойылатын талаптарды орындауға;
- білім беру ұйымында белгіленген киім нысанын сақтауға;
- балалардың оқу орнындағы сабаққа қатысуын қамтамасыз етуге міндетті.
- ҚР «Білім туралы» Заңының 47-бабының 15-1-тармағына сə кес орта білім беру ұйымдарында ОҚУШЫЛАР білім беру саласындағы уəкілетті орган белгілеген міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті.
- Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар, атааналар мен оқушылардың міндеттері мектеп Жарғысында, сондай-ақ білім беру қызметтерін көрсету туралы келісімдерде əрбір оқушының ата-аналары мен заңды өкілдері қол қойған ішкі тəртіп Ережелерінде бекітілген.
- Қазақстан Республикасы «Əкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 409-бабының 2-тармағына сəйкес ата- аналар немесе өзге де заңды өкілдеріне білім беру саласындағы заңнама нормаларын сақтамаған жағдайда ескерту немесе айыппұл салынады. Ішкі тəртіп ережелерінің талаптарын орындамағаны үшін мектеп əкімшілігі тəртіптік жауапкершілікке тартылады.